Жаңалықтар

2024 жылғы 29-30 сәуірде туризм және экологиялық ағарту бөлімі «Белодымовский» және «Ерейментау» екі филиалдың аумағына жоспарланған сапар жасады. Сапар барысында БӨП-нің туристік маусымға дайындығы...

Хабарландыру

           «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2011 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №247 Қаулысымен құрылды. 

         Парктің негізгі тапсырмасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Парктің ғылыми жұмыстары бес жылдық келешегі бар, ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмысы) жоспарының негізінде ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі Комитетімен бекітіліп, ҚР БҒМ келісіліп жасалынады.

         Зерттеулер нәтижелері бойынша, тақырыптық жоспарларға сәйкес әр түрлі халықаралық ғылыми конференцияларда, ғылыми журналдарда, жинақтарда парктің ғылым және мониторинг бөлімінің қызметкерлері 40-тан астам ғылыми мақалаларды, тезистерді, баяндамаларды жариялаған.

         2012-2017 жылдар аралығында құрамында ғылыми материалдар жинағы бар, парктің ғылыми еңбектері жинақталған алғашқы Кітабі 2018 жылы ғылым және мониторинг бөлімімен дайындалып басылып шыққан.