Жаушоқы

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы:

«Бұйратау» МҰТП.

Маршрут атауы:

«Жаушоқы».

Маршруттың жіктемесі:

  • қозғалыс жасау түрі бойынша: автокөлікті;
  • қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
  • ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

Негізгі географиялық нүктелер:

Қарағайлы ауылы - Кедей өзені - Әулие бұлақ - Жаушоқы тауы.

Ұзындығы:

Бас аяғы - 28 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы - 3 сағат 25 минут.

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі:

Мамыр - қыркүйек аралығы.

Топтағы адамдардың ең көп саны:

7-9 адам (объектілерді көру барысында қауіпсіздікті сақтап, психологиялық жағдай туғызу үшін). Экскурсиялық топтардың бір апталық  лимиті - 7-14 топтан, ал күніне 1-2 топтан аспауы тиіс.

Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезендер бойынша жол берілетін реакреациялық жүктемелер:

Күніне 14-18 адам. Экскурсиялық мерзімде өрт қауіпсіздігі бойынша шектеу.

Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысыз жүріп өту мүмкіндігі:

Рұқсат етілмейді.

Маршрут таңбаламасы:

Маршрут бойымен өтетін жолдар шетінде қозғалыс бағытын көрсетуші белгілер қойылған, туристік маршруттың басында аншлаг орналастырылған, онда маршрут сызба-нұсқасы, оның ұзақтылығы көрсетілген.

Киімге талап:

Киімді ауа-райына байланысты таңдайды, Кешке қарай қалың киіну қажет, ыстық кезде – киім жеңіл,бірақ  дене ашық болмауы керек, аяқ-киім жеңіл, әрі ыңғайлы және табаны тайғанамайтын болуы керек.

Маршрутта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

Маршруттаншығып кетпеу, тарихи ескерткіштерді қолмен ұстамау және тәртіп ережелерін сақтау талап етіледі.

Қауіпсіздік шаралары:

Дымқыл, желді және найзағайлы жағдайда туристік маршрутта жүруге, маршрут кезінде шылым шегуге, спиртті ішімдік ішуге тиым салынад

Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут «Бұйратау» МҰТП РММ-нің «Ерейментау» филиалы арқылы және шектеулі шаруашылық аймағы арқылы өтеді.

Туристік маршрут Қарағайлы ауылы арқылы соқпақ жолмен оңтүстік-батыс бағытта  орман арасымен, қарағайлы-орманды гранитті жарқабақ және ауыспалы бұталы, далалы ұсақшоқы экожүйелері арқылы өтеді.

Қарағайлы ауылы топонимикасы жергілікті аумақтың экожүйесімен байланысты. Табиғи аумақ өзінің таулы жер бедерімен ерекшеленеді. Маршрут кезінде елiк, балпақ, боз құрларды т.б. құстар мен жануарларды кездестiруге болады.

Қарағайлы елді мекенінен 1 км қашықтықта Кедей өзені ағып жатыр. Жергілікті тұрғындар жазғы уақытта өзенде шомылып, балық аулайды. Табан, алабұға, шортан және басқа да балық түрлері бар. Кедей бастауын Қумая өзенінен алып, ұзындығы 22 км, Кедей өзеніне барып құяды, тарихи деректерге қарағанда Кедей өзені жағасында Керей руы мекендеген.

Кедей өзенінен өткен соң ақпараттық көрсеткіш орналастырылған, онда келесідей ақпараттар көрсетілген: маршрут сұлбасы, ұзақтылығы, ерекше қорғалатын аумаққа кіру ережесі және т.б.

Кедей өзенінің ұзындығы 15 км. Көктемде қар еріген кезде көлдің деңгейі 5-6 метрге дейін жетеді. Жазғы мезгілде өзен ағысы өзгеріп отырады, 20 см-ден 2 м дейін кейбір жерлерде арнасы кеңейсе, кейбір жерлерде тарылып ағады, сол сияқты өзен тереңдігі де бір деңгейде тұрмайды. Өзенді жағалай бұталар өседі.

Жаушоқы маршрутында негiзгi назар аударарлық ерекше жер Әулие бұлақ болып табылады. Бұл бұлақ оңтүстік – батыс бағытында орналасқан. Бұл арша, итмұрын, шиенiң қайың араласқан бұталармен көмкерілген жартастардың ара-арасынан қарағайлы орман арқылы ағатын әдемi бұлақ. Балды бұлақтың шет қабаты тасты және биiк.

Бұл жерде жарты сағаттық аялдама жасап, аздап тамақтанып алуға болады, сол сияқты туристер бұлақ суының дәмін татып көреді.

Бұлақтан кері жолда 800 м оңтүстік-батыс бағытта Жаушоқы тауы орналасқан. Бұл - маршруттың (жоспарлы жол) соңғы нүктесі. Аймақ жартасты қатпарлармен ерекшеленеді, топырағы құмды. Жаз айларында шиеден дәм татып, түрлі саңырауқұлақтар, бүлдірген, таңқурай жинауға болады.

Әулие бұлақтан Жаушоқыға дейін 500 м болатын жолды 10 минутта жаяу жүріп.

Аумақ тауларының биіктігі 20-30 м құрайды.

Жергілікті таулардың биіктігі орта есеппен 20-30 метрді құрайды.

Ең көрікті және биік тау Жаушоқы, биіктігі теңіз деңгейінен 420 м кұрайды, таудың ұшар басынан жақын елді-мекендерді көруге болады (Тимофеевка, Новомарковка, Қарағайлы, Торғай, Балықты).

Жаушоқы аумағында 16 тау сілемі бар.

Жобалау аймағында аты Жаушоқыға ұйқас Орташоқы, Ершоқы және Ақшоқы таулары орналасқан. Орналасқаны  бойынша Үштас тауы ерекше, биіктігі теңіз деңгейінен 400-410 м биіктікте. Сыртқы көрінісімен бұл тауды жергілікті тұрғындар тарихпен ұштастырып, Үш би деп те атайды, яғни Әйтеке би, Қазыбек би және Төле би.

Туристік топтың Қарағайлы аулына қайту кері бағытта болмақ.

Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

Маршруттағы объект - Кедей өзені - басын Қумая өзенінен алады да Кедей өзеніне құяды. Әулие бұлақ суы таза, салқын, жыл бойы су алмайды. Сонымен қатар Жаушоқы тауы, әр-түрлі туристік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын.

Маршруттың күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:

Кедей өзені сағасы және де Жаушоқы тауына көтеріліп-түсу.

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы:

Дауылды жел, найзағай, орман және дала өрттері.

Турға шығар алдында жергілікті метеоқызмет мәліметтерін ескеру қажет, дауылды жел немесе найзағай болжамдалса, турды тоқтата тұру қажет. Жаңбырдан қорған ретінде  плащ-жамылғы алынып, жаңбыр жауса орман ішінде тұрақтау ұсынылады, ал найзағай ойнаса қандағаштар жанында тұруға немесе жазық алаңға шығуға болмайды.

Өрт шыққан кезде шапшаң болжам жасап, өрт бағытын анықтап алу қажет. Туристерге тиер зардабы болған жағдайда тез уақытта қауіпсіз орынға ауысып, өрт жайында мәліметті «Бұйратау» ұлттық парк орманды қорғау бөліміне немесе 101 нөмір телефонына хабарлау қажет.